Астанада мас күйінде көлік басқарған екі жүргізуші 7 жылға куәлігінен айырылды
Астана қаласында түнгі және таңғы рейдтер кезінде патрульдік полиция екі мас жүргізушіні тоқтатты. Жанкент көшесінде Chevrolet Cobalt тізгіндеген 42 жастағы азамат, ал Республика даңғылында Chevrolet Ravon R3 айдаған 20 жастағы жігіт куәландырудан өтіп, екеуінің де ішімдік ішкені дәлелденді. Сот шешімімен екі жүргізуші де 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Post #43066
81