Талдықорғанда жол ережесін елемеген жастар жауапқа тартылды
Талдықорған қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіпті бұзған жастар анықталды. Бейнежазбада көлік қозғалысы кезінде жолаушының терезеден денесін шығарғаны, сондай-ақ жүргізушінің мемлекеттік нөмірді шешіп алып, қозғалысты жалғастырғаны тіркелген. Бұған қоса, 22 жастағы жолаушы қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп, ұсақ бұзақылық жасаған. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады: 19 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, жолаушыға қатысты материалдар сотқа жолданды.
Post #43005
30