Жамбыл облысында екі сотталған азамат рақымшылыққа ілінді
Жамбыл облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №26 мекемеде жазасын өтеп жатқан екі азаматқа қатысты рақымшылық пен ізгілік шаралары қолданылды. Меркі ауданының 46 жастағы тұрғыны жазасының өтелмеген бөлігінен босатылып, еркіндікке шықты. Ал 53 жастағы сотталған әйел азаматшаның жазаны өтеу мерзімі заң талаптарына сәйкес кейінге шегерілді. Мемлекет басшысы қол қойған рақымшылық туралы заң қоғамға елеулі қауіп төндірмейтін құқық бұзушылық жасаған азаматтардың түзелуіне және қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік береді.
Post #43002
20