Шымкентте ескерткіш жанында дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Шымкент қаласында полицейлер «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткішінің маңында қауіпті маневрлер жасаған жүргізушінің жолын кесті. Mercedes-Benz автокөлігін басқарған 18 жастағы қала тұрғыны Камранбек Юсувалиев қоғамдық орында дрифт жасап, айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірген әрі түнгі тыныштықты бұзған. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тәртіп сақшылары қала көшелері жарыс алаңы емес екенін ескертіп, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті бұзған кез келген азаматтың заң алдында жауап беретінін хабарлайды.
Post #43004
22