ІІМ "Назар аударыңыз - балалар!" акциясының қорытындысын шығарды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде "Назар аударыңыз - балалар!" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Тексерулер барысында түнде ересектердің еріп-жүруінсіз жүрген 25 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала анықталды. Сондай-ақ мектептердің іргелес аумақтарындағы жол инфрақұрылымын реттеу бойынша үш мыңға жуық ұйғарым шығарылып, заңды талаптарды орындамаған 40-тан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асхат Дюсембеков балалардың қауіпсіздігіне алдымен ата-аналар жауапты екенін ескертіп, олардың эмоционалдық жағдайы мен мінез-құлқын күнделікті бақылауда ұстауға шақырды.
Post #43001
26