«Алматы Су» сумен жабдықтау жүйесінің басқа компанияға берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған Алматы қаласының су құбыры және кәріз жүйесі басқа компанияның басқаруына беріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы «Алматы Су» МКК өкілдері хабарлады.
«Алматы Су» МКК — қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын. Мекеме қызметін қалыпты режимде жалғастырып жатыр. Алматының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқа компаниялардың басқаруына беру жоспарланбаған.
Осыған байланысты қаланың су құбыры және кәріз шаруашылығы басқа компанияға беріледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.
Post #42998
66
