TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #42994 41
✉️Мемлекет басшысы Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцті ұлттық мереке – Германия бірлігі күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы бұл Германияның табанды әрі жасампаз күш-қуатын, өркендеу жолындағы нық қадамын танытатын айтулы күн екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент жуырда Германияға жасаған ресми сапарында жылы қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін шынайы ризашылық білдіріп, мазмұнды өткен келіссөздерді жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Берлинде қол жеткізілген уағдаластықтар қазақ-герман стратегиялық серіктестігін кеңейтуге және басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен Фридрих Мерцтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.
More from @tvalmaty
  1. Oct 3, 2026Триумф в боксе, исторические медали в фехтовании, академической гребле, таеквондо, +3 пози…
  2. Oct 3, 2026Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды! 🥉🇰🇿 Қазақстандық балуан…
  3. Oct 3, 2026«Алматы Су» сумен жабдықтау жүйесінің басқа компанияға берілгені туралы ақпаратты жоққа шы…
  4. Oct 3, 2026🔹IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алды AI & Digital Bri…
  5. Oct 3, 2026Қазақстандық гимнастар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды! 🥉🇰🇿 Финалда қазақстандық…
  6. Oct 3, 2026Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті Алматыда «Таза Қазақстан» республика…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →