TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #42995 51
Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қаланы көркейту және экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері қаланың барлық ауданындағы 238 орында 23 сенбілік өткізілді. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

Іс-шараларға 227 мыңға жуық адам қатысып, 7,8 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары көшелерді, аула аумақтарын, қараусыз қалған учаскелерді, өзен арналарын және қаланың басқа да қоғамдық кеңістіктерін қамтыды.

Сенбіліктердің қорытындысы бойынша 42 мың текше метрге жуық қоқыс пен қалдық жиналып, шығарылды.

Сондай-ақ 6,3 мыңнан астам жасыл желек егілді.

«Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстар жалғасуда. Акцияның негізгі мақсаты – аумақтарды көркейтумен ғана шектелмей, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қала ортасына жауапкершілікпен қарауға үндеу.
  • 😨 2
More from @tvalmaty
  1. Oct 3, 2026Талдықорғанда жол ережесін елемеген жастар жауапқа тартылды Талдықорған қаласында Жедел ба…
  2. Oct 3, 2026Шымкентте ескерткіш жанында дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды Шымкент қаласында…
  3. Oct 3, 2026Ақтауда бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмы…
  4. Oct 3, 2026Жамбыл облысында екі сотталған азамат рақымшылыққа ілінді Жамбыл облысында Қылмыстық-атқар…
  5. Oct 3, 2026ІІМ "Назар аударыңыз - балалар!" акциясының қорытындысын шығарды Қазақстан Республикасы Іш…
  6. Oct 3, 2026Триумф в боксе, исторические медали в фехтовании, академической гребле, таеквондо, +3 пози…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →