Алматыда бамбук тоғайы пайда болады
Алматының Бостандық ауданында саябақтарды, жағалауларды, көшелер мен аулаларды кешенді көркейту жұмыстары жалғасып жатыр.
Ірі жобалардың бірі - Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде, жаңартылған кеңістікті 2027 жылы ашу жоспарланған. Мұнда жолдар мен жүргіншілер соқпақтары, автоматты суару жүйесі, су айдындары, кіреберіс бөлігі, колоннада және орталық алаң жаңартылып жатыр.
Flow Park құрылысы аяқталды. Мұнда скейт-аймақ, памп-трек, BMX трассалары мен веломектеп ашылып, 700-ден астам ағаш егілді.
Қазақфильм шағынауданында Қазақстан киносының тарихына арналған елдегі алғашқы кинематографиялық саябақты құру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, ауданда Жапон бағы салынып жатыр. Онда бамбук тоғайы, тас бағы және су нысандары болады. Негізгі жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланған.
Магистральдық көшелерді кешенді жаңарту, аулалар мен тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстары да жалғасуда. 2027 жылы жаңа аумақтарды көркейту жоспарланып отыр. Соның ішінде Сәтбаев және Байзақов көшелерінің қиылысындағы көпір асты кеңістігінде жыл бойы жұмыс істейтін жастар хабын құру көзделген.
Post #42937
51
