TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #42974 43
Петропавлда полицейлер тұрғынды 1,1 миллион теңгесінен айырылудан сақтап қалды

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы сауда үйлерінің бірінде кезекшілікте жүрген ЖҚАЖ қызметкерлері Қарасай Ботпаев пен Бауыржан Ахмет кезекті интернет-алаяқтықтың алдын алды. Банкомат маңында қолында бір бума ақша ұстап, телефонмен алаңдап сөйлесіп тұрған 57 жастағы қала тұрғыны тәртіп сақшыларының назарын аударған. Белгілі болғандай, Telegram мессенджері арқылы алаяқтардың арбауына түскен азамат "криптовалютадан табыс табамын" деген үмітпен оларға 1,1 миллион теңге аударуға дайындалған. Полицейлердің қырағылығы мен дер кезінде түсіндіру жұмысын жүргізуінің арқасында жергілікті тұрғын қаржылық шығыннан аман қалды.
More from @tvalmaty
  1. Oct 3, 2026Түркістан облысында нөмірсіз дрифт жасаған екі жүргізуші ұсталды Түркістан облысы Қазығұрт…
  2. Oct 3, 2026Талдықорғанда жол ережесін елемеген жастар жауапқа тартылды Талдықорған қаласында Жедел ба…
  3. Oct 3, 2026Шымкентте ескерткіш жанында дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды Шымкент қаласында…
  4. Oct 3, 2026Ақтауда бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмы…
  5. Oct 3, 2026Жамбыл облысында екі сотталған азамат рақымшылыққа ілінді Жамбыл облысында Қылмыстық-атқар…
  6. Oct 3, 2026ІІМ "Назар аударыңыз - балалар!" акциясының қорытындысын шығарды Қазақстан Республикасы Іш…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →