Түркістан облысында полицейлер түнгі жолда жүргізушілерге ыстық кофе таратты
Түркістан облысының тәртіп сақшылары түнгі уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мақсатында ерекше профилактикалық іс-шара өткізді. Түнгі сағат 00:00 мен таңғы 04:00 аралығында ұйымдастырылған рейд барысында әкімшілік полиция қызметкерлері 100-ге жуық жүргізушіні тоқтатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ұзақ жолдан шаршаған азаматтардың сергектігі мен қырағылығын арттыру үшін оларға ыстық кофе ұсынылды. Сонымен қатар полицейлер жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және жол ережелерін қатаң ұстану қажеттілігін ескертті. Тәртіп сақшыларының мұндай қамқорлығына риза болған жүргізушілер өз алғыстарын білдірді. Аймақта бұл бағыттағы алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Post #42973
7