✔️Бұдан бөлек, ол Данияның Қазақстанмен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін растады.
– Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі ел саналады. Мұнда Данияның көптеген компаниясы жұмыс істейді. Олар осы серіктестікті алдағы уақытта кеңейте түсуге қызығушылық танытып отыр, – деді Дания Сыртқы істер министрі.
✔️Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ларс Лёкке Расмуссен көлік-логистика, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және су қауіпсіздігі салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективасы жөнінде пікір алмасты.
t.me/aqorda_resmi
