Батыс Қазақстан облысында заңсыз граффити салған 15 тұрғын жауапқа тартылды
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды заңсыз жазулармен және граффитимен ластаған 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 7-еуіне айыппұл салынаса, 8 азамат әкімшілік қамауға алынды. "Таза Қазақстан" жобасы аясында тәртіп сақшылары, еріктілер мен жастардың қатысуымен 50-ден астам нысандағы заңсыз жазулар тазартылып, бұзақылар келтірген шығындарын өз қолдарына қалпына келтірді.
Post #42968
34