Өскеменде психотроптық заттардың ірі партиясымен екі күдікті ұсталды
Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мен облыстық прокуратура өкілдері арнайы іс-шаралар барысында психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі ер адамды ұстады.
Күдіктілердің бірі интернет арқылы «жеңіл табыс» ұсынысын тауып, тыйым салынған заттарды қабылдау, өлшеу және буып-түюмен айналысқан.
Оның жасаған жұмысына ақы криптовалютамен төленіп, кейін банк шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған.
Тінту кезінде тәртіп сақшылары арнайы ыдыстар, зип-пакеттер, изолента және электронды таразылар тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың құрамынан 800 грамм α-PVP және 334 грамм мефедрон табылды, бұл психотроптық заттардың жалпы салмағы бір килограммнан асады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарға интернеттегі күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақтануды ескертеді.
Post #42977
58
- 😱 1