Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды
2026 жылы 25-30 қыркүйек аралығында Павлодарда өткен «Ертіс-Баян» II республикалық театрлар фестивалінде Алматы қаласының Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры қазылар алқасының шешімімен «Үздік ансамбль» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.
Еліміздің түрлі өңірлерінен, атап айтқанда Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды және Павлодар қалаларынан 11 таңдаулы театр ұжымы қатысқан өнер додасында қуыршақ театры әйгілі жазушы Николай Гогольдің белгілі шығармасы негізінде сахналанған «Шекпен» спектаклін ұсынып, көрермендер мен театр саласы мамандарының ыстық ықыласына бөленді.
Фестиваль Павлодар тұрғындарына қазақстандық театр өнерінің үздік туындыларымен танысуға мүмкіндік беріп, театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға жол ашты.
Post #42931
47

