Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау басталды: өңірлерге 2,1 млн доза жеткізіледі
💉 Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды. Халықты тегін вакцинациялау үшін 2,1 млн доза вакцина сатып алынды. Оның алғашқы 564 мың дозасы елге жеткізіліп, өңірлерге кезең-кезеңімен жөнелтіле бастады.
Вакцина Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған өңірлерге вакцинаны жеткізу 5 қазанға дейін жоспарланған.
Вакцина жеткізілген медициналық ұйымдарда халықты иммундау жұмыстары басталды.
Вакцинациялау науқанын өткізу үшін ресейлік өндірістің «Гриппол®️» вакцинасы сатып алынды. Оның штамдық құрамы алдағы эпидемиялық маусымға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.
Post #42935
42
