Қызылордада мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды
Қызылорда қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы мас күйінде көлік тізгіндеген азамат анықталды. Ақпарат дереу патрульдік полиция экипажына беріліп, 29 жастағы қала тұрғыны Аслан Гичиевтің басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында оның алкогольдік масаң күйде болғаны расталды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды, ал автокөлік айып тұрағына қойылды.
Post #42923
54