Қазақстанда үш күнде 11 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында жалған, жасырылған және оқылмайтын мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактілеріне қарсы рейдтік жұмыстар жүргізді. Соңғы үш тәулік ішінде ел бойынша 11 мыңға жуық заң бұзушылық тіркелді: 1 300 көлік оқылмайтын нөмірмен, 600-і нөмірсіз, ал 150-і жалған нөмірмен қатынаған. Атап айтқанда, Қостанай облысында жалған нөмірлі екі автобус, Астанада іздеуде тұрған автокөлік, ал Павлодар облысында нөмірсіз жүрген тәртіп бұзушы тоқтатылды. Рейд аясында 1 100 көлік арнайы тұраққа қойылып, 800-ден астам нөмірлік белгі тәркіленді.
Post #42921
41