TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.96K subscribers
Post #42954 43
Президент ЖИ технологиясын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды көздейтін «Вашингтон моделін» құптады

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Президент Трамп пен ірі технологиялық компаниялар басшылары қол қойған жасанды интеллектінің озық технологияларын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамыту туралы ерікті келісімнің стратегиялық салмағына назар аударды

– Дер кезінде көтерілген осы маңызды бастаманы құптаймын. Жасанды интеллектіге қатысты қауіп-қатерлер ешқандай шекараға бағынбайтынын бәрі түсінеді. Сондықтан мемлекеттер мен бизнес қауымдастық тарапынан үйлесімді әрекет қажет. Вашингтонда қол қойылған келісімді сарапшылар мұқият зерделеген соң мүдделі мемлекеттер жасанды интеллект саласын жаһандық деңгейде реттейтін үлгі ретінде қарастыруына болады. «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық деп ойлаймын. Қазақстан жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды қолдайды. Осы орайда, аталған мәселе бойынша сындарлы халықаралық диалог жүргізуге алаң ұсына аламыз. Кеңес іс жүзінде маңызды екенін көрсетті. Сондықтан Кеңес мүшелерінен қысқа мерзім ішінде Қазақстанның осы салаға қатысты халықаралық бастамасына нақты ұсыныс беруді сұраймын. Ортақ ұстаным биыл желтоқсан айында Майамиде өтетін G20 саммитінде таныстырылады, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 3, 2026Мерей Кабдуллаев стал серебряным призером Азиатских игр по джиу-джитсу 🥈🇰🇿
  2. Oct 3, 2026Выставка AI-Sana: представлены ИИ-проекты студентов 20 казахстанских вузов В рамках междун…
  3. Oct 3, 2026Курс валют на 3 октября 2026 года USD / KZT – 447.73 (Доллар США) EUR / KZT – 502.98 (Евро…
  4. Oct 3, 2026Өскеменде психотроптық заттардың ірі партиясымен екі күдікті ұсталды Өскемен қаласында Шығ…
  5. Oct 3, 2026Павлодарда түнгі тыныштықты бұзған көлік жүргізушілері жауапқа тартылды Павлодар облысында…
  6. Oct 2, 2026Түркістан облысында бір аптада 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді Түркістан об…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →