TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.96K subscribers
Post #42946 33
Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

🔹Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды.

🔹Мемлекет басшысы жасанды интеллект жаңа цифрлық дәуірде бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын басты факторлардың біріне айналғанын атап өтті.

– БҰҰ-ның Өнеркәсіптің дамуы туралы 2026 жылғы есебіне сәйкес, ЖИ әлем экономикасының келбетін өзгертетін бес трансформациялық мегатрендтің бірі ретінде танылды. Соңғы бес жылда жасанды интеллектімен байланысты патенттердің үлесі шамамен үш есе өскен. Бұл іргелі технологиялық өзгерістерді байқатады. Енді табиғи ресурстар және капитал мен нарық үшін ғана емес, өндіріс тиімділігі үшін де бәсекелестік қыза түсті. Қазақстан осы мүмкіндіктерді қалт жібермеуі қажет. Басты міндет – еңбек өнімділігін арттыру, технологиялық жаңғыруды жеделдету және қосылған құны жоғары өнім өндіруді кеңейту. Осы жұмыстарды атқаруда жасанды интеллект негізгі құралдардың бірі болуға тиіс, – деді Президент.


🔹Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға дейінгі Digital Kazakhstan стратегиясы аясында нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізуді көздейтін жасанды интеллектінің ұлттық кешенді экожүйесі түзіліп жатқанына тоқталды.

– Биылғы сегіз айда өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 46 триллион теңгеге жуықтады. Өңдеу өнеркәсібі былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 8,4 пайызға өсті. Дегенмен экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін еңбек өнімділігін арттырып, өнеркәсіп базасын жаңғыртуға және қосылған құны жоғары өнім өндіруге мән беру қажет. Бұл мақсатқа жетуде жасанды интеллектінің атқаратын рөлі айрықша. ЖИ-дің шынайы құндылығы сол – адам әлеуетін күшейтеді. Яғни ЖИ инженерлерге нақты қадамдар жасауға, жұмыс тиімділігін ұлғайтуға, басшылыққа қажет кезінде дереу талдау деректеріне сүйеніп, жедел әрі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптегі саясатымыз осы қағидатқа негізделген, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 2, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына…
  2. Oct 2, 2026Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды Алма…
  3. Oct 2, 2026Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылда…
  4. Oct 2, 2026Новая Конституция Казахстана: что изменилось для граждан Новая Конституция, принятая на ре…
  5. Oct 2, 2026Алматыда Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматыда Төле б…
  6. Oct 2, 2026Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі Алматыда LRT жобасын і…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →