TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.96K subscribers
Post #42953 25
Мемлекет басшысы Кеңестің келесі отырысында көлік-логистика саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселесін талқылауды ұсынды

🔹Президенттің пайымдауынша, жоғары сапалы өндірістік мәліметтер болмаса, жасанды интеллектіні тиімді қолдану мүмкін емес.

🔹Ол кәсіпорындар өндірістік мәліметтердің мол қорын жинақтағанымен, сапасы әркелкі әрі шашыраңқы күйде қалып отырғанын айтты. Мұндай деректердің көбі жасанды интеллект жүйелерінде қолдануға жарамсыз.

– Кеңестің алдыңғы отырысында деректерге бағдарланған модельге көшу және салалық мәліметтер қорын жасақтау қажет екенін айтқанмын. Енді аталған жұмысты өндірісте жалғастыру керек. Бізге бірыңғай сапа стандартына сай, өзара байланысты және қауіпсіз пайдалануға болатын салалық өндірістік мәліметтер қажет. Отандық зерттеушілер мен бағдарлама әзірлеушілер оған кедергісіз қол жеткізуге тиіс. Әрине, коммерциялық құпия, стратегиялық ақпарат пен аса маңызды мәліметтер сенімді түрде қорғалады. Үкіметке бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, салалық өндірістік мәліметтер базасын қалыптастырудың ортақ тәсілдерін әзірлеу міндеті жүктеледі. Отандық технологиялық шешімдерді дайындағанда аталған деректерді іс жүзінде қолдануға басымдық берілгені жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы Қазақстан жасанды интеллектіні дамытуға берік негіз қалағанын айтты. Ендігі міндет – осы әлеуетті экономикалық игілікке айналдыру.

– Жасанды интеллект ел индустриясын дамытатын құрал болуға тиіс. Бұған Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. Аталған жұмысты стратегиялық мәні зор секторларда күшейте түсу керек. Осы орайда Кеңестің келесі отырысында көлік-логистика саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселесін талқылауды ұсынамын. Бұл секторды одан әрі жаңғырту оның әлеуеті мен тиімділігін арттырып, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін нығайта түседі, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 2, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына…
  2. Oct 2, 2026Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды Алма…
  3. Oct 2, 2026Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылда…
  4. Oct 2, 2026Новая Конституция Казахстана: что изменилось для граждан Новая Конституция, принятая на ре…
  5. Oct 2, 2026Алматыда Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Алматыда Төле б…
  6. Oct 2, 2026Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі Алматыда LRT жобасын і…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →