Батыс Қазақстан облысында полицейлер үндістандық блогерге көмектесті
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының патрульдік полиция инспекторлары Қайрат Тасмұхамбетов пен Марат Құрманов жол бойында жаяу келе жатқан Үндістан азаматы, саяхатшы-блогер Дакшья Сингхке (Dakshya Singh) қолдау көрсетті. Ресей шекарасына қарай бағыт алған шетелдік мейманға полицейлер көлік ұйымдастырып берген. Саяхатшы өз әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, қазақстандық тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.
Post #42917
41