TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #42986 16
🔹Көлік министрлігінде цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері талқыланды
 
Астанада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Дамир Қожахметов пен Абу-Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Әл-Мансури кездесті.

Кездесуде көлік саласын цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын қолдану және Ұлттық бейнебақылау жүйесін іске асыру мәселелері талқыланды.

Ұлттық бейнебақылау жүйесі – көлік ағындарын бақылауға, көліктік бақылауды автоматтандыруға және көлік инфрақұрылымын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа.

Ағымдағы жылы Астанада жүйенің пилоттық тестілеуі сәтті аяқталып, оның негізгі функцияларының тиімділігі расталды. Қазіргі уақытта Министрлік жүйені республикалық деңгейге кеңейту және көлік инфрақұрылымын басқаруға жасанды интеллект технологияларын одан әрі енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұған дейін қол қойылған Көлік инфрақұрылымын цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады.
More from @tvalmaty
  1. Oct 3, 2026Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті Алматыда Infinity C…
  2. Oct 3, 2026🇰🇿🇰🇷Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін құттықтады ✉️Қасым-Жомарт Тоқае…
  3. Oct 3, 2026Казахстан предложил создать Сетевой медицинский университет тюркских государств На шестой…
  4. Oct 3, 2026Разыскиваемого казахстанца экстрадировали из-за рубежа Гражданин Казахстана, находившийся…
  5. Oct 3, 2026Водитель, совершивший опасный маневр, арестован на 10 суток Прокуратура города Астаны зани…
  6. Oct 3, 2026ТЖМ жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу жұмыстарын күшейтуде Күнн…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →