TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.96K subscribers
Post #42988 33
🇰🇿🇰🇷Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін құттықтады
 
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын айтулы күннің маңызына айрықша тоқталып, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өткен.

– Жақында Сеулге жасаған сапар барысында екіжақты қарым-қатынасымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Бұл шешім достық пен берік әріптестікке негізделген қазақ-корей ықпалдастығын халықтарымыздың игілігі үшін өрістете беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас корей халқына баянды өркендеу мен құт-береке тіледі.
More from @tvalmaty
  1. Oct 3, 2026✉️Мемлекет басшысы Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇩🇪Қасым…
  2. Oct 3, 2026✍️Мемлекет басшысының өкімдерімен: Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғ…
  3. Oct 3, 2026🔸️Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті Қазақстан Республикасының Премье…
  4. Oct 3, 2026AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы өз жұмысын қорытындылады 📌Қазақстан Республик…
  5. Oct 3, 2026Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті Алматыда Infinity C…
  6. Oct 3, 2026Казахстан предложил создать Сетевой медицинский университет тюркских государств На шестой…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →