Астанада "ақылды" өткелдер мен автоматты бақылау кешендері іске қосылды
Астана қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала жолдарында "Сергек" жүйесімен қатар, ереже бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін интеллектуалды аппараттық-бағдаршамдық кешендер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыратын "ақылды" өткелдер орнатылуда. Бұл шаралар жолдағы апаттардың алдын алуға және барлық жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейтуге мүмкіндік береді.
Post #42920
34