Семейде мас күйінде көлік жүргізген тұрғын 15 тәулікке қамалып, құқығынан айырылды
Семей қаласының Республика көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері түнгі сағат 23:42-де ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатты. Тексеру және медициналық куәландыру нәтижесінде 44 жастағы жүргізуші Әділет Тылекеновтің көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны расталды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылып, ол 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Post #42922
45