Шымкентте педофилияға күдікті азамат ұсталды
ІІМ қызметкерлері Шымкент қаласында 10-12 жас аралығындағы балаларға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Күдікті мессенджерлер мен онлайн ойындарда өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырып, балалардың сеніміне кіру арқылы олардан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбалар талап еткен. Өз кінәсін мойындаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.
Post #42966
63