Қарағанды облысында "Қорғау" жүйесі арқылы миллиондаған қарызы бар жүргізушілер анықталды
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері "Қорғау" цифрлық қосымшасының көмегімен бір апта ішінде 88 тәртіп бұзушы көлікті анықтады. Рейд барысында 4,8 миллион теңгеден астам атқарушылық берешегі бар жүргізуші және жүздеген мың теңге төленбеген айыппұлы бар қасақана ереже бұзушылар ұсталды. Жеке сот орындаушыларының қаулысы мен заң бұзушылықтарға байланысты 16 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Post #42967
26