TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43364 43
🇧🇪Король Филипп Брюссельде және Астанада Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға қажетті алғышарттардың барлығы бар екенін атап өтті

– Еуропалық одақтың дәл ортасында орналасқан Бельгия Еуропа нарығына шығатын қақпа ретінде елеулі рөл атқарады. Сондай-ақ технология, инновация, таза энергетика, логистика және халықаралық сауда саласында айтарлықтай тәжірибеге ие. Ал Қазақстан еуразиялық кеңістіктің маңызды аумағы саналады. Географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасуының және мол табиғи ресурстарының арқасында Қазақстан әлем экономикасында ерекше орны бар аймақтық сауда, инвестиция және жасыл экономиканы дамыту орталығына айналды. Мұның бәрі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге шынайы негіз болады, – деді ол.


✔️Бельгиялықтар Королі екі елдің бизнес өкілдерін энергетика, аса маңызды минералдар, көлік-логистика, қаржы және туризм сияқты перспективті салаларда ықпалдастықты жандандыруға шақырды.

– Бельгия мен Қазақстанның арасы географиялық жағынан алшақ болғанымен, мақсат-мұраттарымыз, амал-әрекеттеріміз және табандылығымыз тұрғысынан өте жақын елдерміз, – деді Король Филипп.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 14, 2026Түркістанда Ұлттық ұлан сарбаздары дрондарды басқаруды меңгеруде Түркістан қаласындағы ҚР…
  2. Oct 14, 2026Петропавлда заңсыз орнатылған гараждың иесі анықталды Петропавл қаласының Бостандық көшесі…
  3. Oct 14, 2026Жаңаарқада кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқан сатушы жауапқа тартылды Ұлытау облысыны…
  4. Oct 13, 2026Астанада Telegram арқылы есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды Көліктегі полици…
  5. Oct 13, 2026Қазығұртта тұрғындар шатырдан қарт әйелдің жинаған ақшасын тауып алды Түркістан облысының…
  6. Oct 13, 2026СҚО-да жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін дрондар қолданылуда Солтүстік Қазақстан облыс…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →