TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43381 71
Петропавлда заңсыз орнатылған гараждың иесі анықталды

Петропавл қаласының Бостандық көшесіндегі мемлекеттік жерге орнатылған бос гараждың иесі анықталды. Оның маңына үнемі қоқыс жиналатыны туралы қоғам белсенділері мен қала әкімдігінен полицияға арыз түскен болатын. Тексеру барысында гараж иесінің ұзақ уақыт бойы шетелде тұрғаны белгілі болды, тәртіп сақшылары мүмкіндік туған кезде онымен кездесіп, гаражды үш күн ішінде алып тастау қажеттігін хабарлады.

Талап орындалмаған жағдайда, мемлекеттік жер учаскесін заңсыз иеленгені үшін жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін. Қазіргі уақытта Петропавлда заңсыз орнатылған гараждарды жою жұмыстары "Таза Қазақстан" акциясы аясында қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында абаттандыру ережелерін бұзудың 12 500-ден астам дерегі анықталды.
More from @tvalmaty
  1. Oct 15, 2026В Алматы стартовал чемпионат по чтению среди молодежи В рамках общенационального марафона…
  2. Oct 15, 2026Еще три медали завоевали казахстанские борцы на чемпионате мира в США Сборная Казахстана п…
  3. Oct 15, 2026Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады 2026 жылы 19-22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ а…
  4. Oct 15, 2026251 млн теңге субсидий: в ЗКО расследуют хищение бюджетных средств По данным АФМ, подозрев…
  5. Oct 15, 2026Петропавлда полицей сауда үйінде алаяқтарға 3 млн теңге аудармақ болған тұрғынды құтқарды…
  6. Oct 15, 2026Шымкентте тұрғыннан 10 миллион теңге бопсалаған екі азамат 5 жылға сотталды Шымкентте тұрғ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →