СҚО-да жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін дрондар қолданылуда
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын әуеден бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді пайдалануда. Заманауи технологиялар әсіресе жүргізушілер бақылау камералары жоқ жерлерде тәртіп сақшыларының назарынан тыс қаламыз деп ойлайтын учаскелерде жоғары тиімділік көрсетіп отыр.
Мәселен, Петропавл маңында дронның көмегімен қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 59 жастағы КамАЗ жүргізушісі анықталып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында облыстық полиция департаменті дрон қолдану аясын едәуір кеңейтті. Жыл басынан бері әуе құрылғыларының көмегімен 286 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді. Қазіргі уақытта өңір тәртіп сақшыларының қарамағында 30-ға жуық дрон бар.
Ұшқышсыз аппараттар жол ережесін бақылаудан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, жоғалған малды іздеуге және қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға кеңінен қолданылады.
Post #43377
13