TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43382 81
Түркістанда Ұлттық ұлан сарбаздары дрондарды басқаруды меңгеруде

Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздары ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару оқуынан өтуде.

Жыл басынан бастап дрон операторларын даярлау құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына ресми түрде енгізілді. Оқу сыныбында сарбаздар дрондардың құрылымын, басқару ережелерін және тактикалық қолдану негіздерін меңгереді.

Бағдарлама аясында командир, FPV-дрон операторы, оқ-дәрілер жөніндегі маман және барлау операторынан тұратын арнайы жауынгерлік есептоптар даярлануда. Оқудан өткен сарбаздар Түркістан қаласында патрульдік қызметке кірісіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей атсалысады.
More from @tvalmaty
  1. Oct 14, 2026Петропавлда полиция Санкт-Петербургтен келген велосаяхатшыға қолдау көрсетті Солтүстік Қаз…
  2. Oct 14, 2026Астанада жыл басынан бері тыныштықты бұзудың 50 мыңға жуық дерегі тіркелді Елордада қоғамд…
  3. Oct 14, 2026Қарағанды облысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған фермер ұсталды Қарқаралы аудан…
  4. Oct 14, 2026ШҚО-да мас күйде экскаватор басқарған жүргізуші электр кабелін зақымдады Марқакөл ауданынд…
  5. Oct 14, 2026Талдықорғанға елордадан психотроптық заттарды жеткізген курьер ұсталды Жетісу және Астана…
  6. Oct 14, 2026🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →