ШҚО-да мас күйде экскаватор басқарған жүргізуші электр кабелін зақымдады
Марқакөл ауданында 44 жастағы ер адам алкогольдік масаң күйде экскаватор тізгіндеп, жеке аумақтағы электр кабелін үзіп кеткен. Тексеру кезінде оның бұған дейін, 2025 жылы, көлік басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Post #43412
82