TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43458 56
🤝Мемлекеттер басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасында қол қойылған Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді алмасу рәсімі өтті

🔹Құжат жаһандық көлік-логистика тізбегі өзгеріске ұшыраған қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің (Орта дәліздің) орнықты қызмет етуі мен кешенді дамуына арналған ортақ құқықтық негізді қалыптастырады.

🔹Келісім тараптардың инфрақұрылым қуатын кеңейтуін, бағыт бойындағы теміржол, автокөлік және порт аумақтарының осал тұстарын реттеуді, сондай-ақ Каспий айдынында теңіз түбін тереңдететін флот пен теңіз тасымалын бірлесе дамытуды қамтамасыз етеді.

🔹Құжаттың негізгі бөлімі көлік саласын ауқымды цифрландыруға арналған. Бұл ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, «бір терезе» қағидатын енгізуді, жүк қозғалысын толықтай қадағалауды, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану туралы жеке келісім жасасуды қамтиды.

🔹Бұдан бөлек, келісім өзара алдын ала ақпараттандыру, тексеруді азайту және өкілетті экономикалық операторлар мәртебесін тану арқылы әкімшілік, шекаралық және кедендік үдерістерді айтарлықтай жеңілдетеді.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 15, 2026Қызылордада қарсы бағытқа шыққан 19 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды Қызылорда қаласында…
  2. Oct 15, 2026ШҚО-да жол үстінде мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды Ұлан ауданында "Бекет" жеде…
  3. Oct 15, 2026Абай облысындағы түзеу мекемесіне телефон алып кірмек болған сотталған әшкереленді Абай об…
  4. Oct 15, 2026Астана әуежайында транзиттік жолаушыдан 3600 доллар ұрлаған шетелдік ұсталды Астана қаласы…
  5. Oct 15, 2026Таразда әйелден 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді Тараз қаласында психотро…
  6. Oct 15, 2026Павлодар облысында 7 ұрлық жасаған компьютерлік клубтың бұрынғы қызметкері пробация есебін…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →