ШҚО-да жол үстінде мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды
Ұлан ауданында "Бекет" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер аудан бағытынан келе жатқан автокөлікті тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған екі бас ұсақ мал табылды. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген жалпы шығын 240 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Post #43467
26