Қызылордада гамбургердің ішіне насыбай жасырып өткізбек болған азамат ұсталды
Қызылорда қаласындағы №60 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға туыстары алып келген сәлем-сауқатты тінту кезінде заңсыз әрекеттің жолы кесілді. Сотталғанның інісі гамбургердің ішіне төрт дана насыбай жасырып өткіспек болған. Әскери қызметшілер мен мекеме қызметкерлері бұл заңбұзушылықты дер кезінде анықтап, азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Post #43471
11