Павлодарда балалар алаңында ішімдік ішкен тұрғындар жауапқа тартылды
Павлодар қаласының тұрғындарынан түскен шағымдар бойынша полиция қызметкерлері Павлов және Геринг көшелеріндегі балалар алаңдарында қоғамдық тәртіпті бұзып, ішімдік ішкен компанияларды анықтады. Тұрғындардың ескертулеріне мән бермеген мас күйдегі азаматтар полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері өңірде осындай 8 445 дерек тіркелген.
Post #43470
38