TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43476 69
Алматы тұрғындарының суға берешегі 550 млн теңгеден асты

Алматыда сумен жабдықтау және кәріз қызметі үшін тұрғындардың жалпы берешегі 550 млн теңгеден асты. Бұл туралы «Алматы Су» мекемесінің өкілдері хабарлады.

Көпқабатты үйлердің тұрғындары шамамен 250 млн теңге, ал жеке сектор тұрғындары 300 млн теңгеден астам қарыз болған.

Коммуналдық қызмет ақысын әр айдың 25-іне дейін төлеу қажет. 26-сынан бастап төлем жасалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі.

Берешек ұзақ уақыт өтелмесе, су беру шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ қарыз сот арқылы өндіріліп, борышкер өсімпұл мен сот шығынын да өтеуге міндеттеледі. Су беруді шектеуге үш күн қалғанда тұтынушыға алдын ала ескерту жасалады.

«Алматы Су» мекемесі тұрғындарға қосымша шығынға ұшырап, берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу шараларына жол бермеу үшін төлемді тексеріп, қарызды уақытылы өтеуге кеңес береді.
More from @tvalmaty
  1. Oct 17, 2026🎭Мұхтар Әуезов атындағы театр Үндістандағы БРИКС фестивалінде «Қыз Жібек» спектаклін сахн…
  2. Oct 17, 2026Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының…
  3. Oct 17, 2026Вакцинация жұқпалы аурулардың ауыр асқыну қаупін азайтады Екпе алмаған балаларда жұқпалы а…
  4. Oct 17, 2026✉️Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт…
  5. Oct 17, 2026В Алматы обновят изношенные теплосети и электроподстанции В Алматы модернизируют коммуналь…
  6. Oct 17, 2026🤝Қазақстан Президенті мен Камбоджа Премьер-министрінің қатысуымен үкіметаралық және ведом…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →