TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43546 60
🎭Мұхтар Әуезов атындағы театр Үндістандағы БРИКС фестивалінде «Қыз Жібек» спектаклін сахналады

📍Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты.

Театр ұжымы қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін танытатын «Қыз Жібек» спектаклін сахналады. Қойылым режиссері – өнертану бойынша PhD докторы Елік Нұрсұлтан.

Фестивальдің ашылу салтанатына Үндістанның Мәдениет және туризм министрі Гаджендра Сингх Шехават қатысты. Ол шығармашылық ұжымдарға жылы лебізін білдіріп, халық арасындағы достықты нығайтудағы өнердің маңызына тоқталды және қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Халықаралық фестиваль театр ұжымы үшін қазақ сахна өнерін әлемдік деңгейде танытуға жәнк елдер арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға мүмкіндік берді.
  • ❤ 1
More from @tvalmaty
  1. Oct 17, 2026Жетісу облысында бейнекамера арқылы темекі тұқымын тастаған тұрғын анықталды Жетісу облысы…
  2. Oct 17, 2026Ұлттық ұланның кинология орталығында алғашқы әйел кинолог қызметке кірісті ҚР ІІМ Ұлттық ұ…
  3. Oct 17, 2026Атырау облысында жолда қалған Германия азаматтарына полицейлер көмек көрсетті Құрманғазы а…
  4. Oct 17, 2026Маңғыстау облысында ҚАЖ департаментінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы шығарылды Маңғыстау обл…
  5. Oct 17, 2026Елордалық полицейлер практикалық атудан өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие…
  6. Oct 17, 2026Түркістан облысында жыл басынан бері қылмыстық құқық бұзушылықтар 11,7%-ға азайды Түркіста…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →