Елордалық полицейлер практикалық атудан өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды
Қонаев қаласындағы "Qaisar" атыс полигонында IPSC қағидалары бойынша практикалық тапаншадан атудан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласы ПД ЖҚАЖ командалары жүлделі орындарға ие болды. Ал Астана қаласы ПД ЖҚАЖ аға инспекторы Ерлан Базарбаев жеке есепте 1-орынды жеңіп алып, Халықаралық практикалық ату конфедерациясының (IPSC) ресми Президент медалімен марапатталды.
Post #43551
39