Бір айдың ішінде республика бойынша 15 мыңға жуық граффити жазуы жойылды
Қазақстанда бір ай көлемінде жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде полиция қызметкерлері республика бойынша 15 мыңға жуық заңсыз граффити жазуын жойды. Олардың арасында есірткі саудасын жарнамалайтын наркограффитилер де бар. Тексеру қорытындысы бойынша 6 597 әкімшілік іс қозғалып, есірткі жарнамасы мен вандализм деректері бойынша алты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, сондай-ақ тұрғындар мен еріктілердің қатысумымен мыңдаған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Post #43560
66