TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43566 36
Қазақстан Азияның мәдени мұрасын қорғау альянсында бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие болды

Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында Азияның мәдени мұрасын қорғау альянсы кеңесінің IV отырысы өтті. Жиынға 20-дан астам мемлекеттің мәдениет саласына жауапты ведомство басшылары, Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық зерттеу орталығының (ИККРОМ) және Қақтығыс аймақтарындағы мұраны қорғау жөніндегі халықаралық альянстың (ALIPH) өкілдері қатысты. Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов сөз сөйледі.

Вице-министр Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ортақ жұмысы туралы айтып, Альянспен ынтымақтастықты үш бағытта дамытуды ұсынды. Олар: мамандар даярлау және тәжірибе алмасу, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен ескерткіштерді қашықтан бақылау, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы нысандарда бірлескен археологиялық және ғылыми зерттеулер жүргізу.
More from @tvalmaty
  1. Oct 18, 2026Представители сборной Казахстана по спортивной гимнастике Нариман Курбанов и Нуртан Идрисо…
  2. Oct 18, 2026Машиностроительная отрасль: какие перспективы открываются для рынка труда Казахстана В стр…
  3. Oct 18, 2026Сегіз елде 12 концерт: Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік туры басталды Әнші жаңа концертті…
  4. Oct 18, 2026Шорт-трек: кто вошел в состав сборной Казахстана В заявочный список национальной команды в…
  5. Oct 18, 2026"Бронзу " чемпионата Азии по хоккею завоевала женская сборная Казахстана в Японии Чемпиона…
  6. Oct 18, 2026Сункар Канибек стал чемпионом мира по каратэ среди юниоров Казахстанский спортсмен Сункар…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →