Ақмола облысында сотталғандар колледж студенттеріне ауыр қылмыстың салдарын түсіндірді
Ақмола облысында ҚАЖД №1 мекемесі мен Атбасар ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Аграрлық-индустриялық колледжінің студенттері мен сотталғандар арасында телемост өтті. Шара барысында алаяқтық, дропперлік және есірткі бизнесі үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған төрт азамат жастарға жеңіл табыс пен асығыс шешімдердің өмірді қалай күл-талқан ететінін өз мысалдарында баяндап берді. Полицейлер студенттерге заңсыз әрекеттердің құқықтық салдарын ескертіп, күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырды.
Post #43557
23