Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауы барысында қала тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, көріктендіру, инфрақұрылымды дамыту және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселесін көтерді.
Әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету, жер телімдерін рәсімдеу, жолдар мен инженерлік желілердің жай-күйі, сондай-ақ нысандар құрылысы кезінде белгіленген талаптардың сақталуы мәселелеріне назар аударылды.
Қала тұрғындары көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметі, аулаларды көріктендіру және жасыл желекті сақтау бойынша да жүгінді. Сонымен қатар электрмен жабдықтау және әлеуметтік көмек көрсету жайы назардан тыс қалмады.
Қабылдау барысында жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктерінің өкілдері көтерілген сауалдар бойынша түсініктеме берді.
Post #43542
58



