TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43481 28
Алматыда «Giro d’Almaty 2026» веложарысына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

2026 жылы 18 қазанда Алматы қаласында велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері арасында жыл сайынғы «Giro d’Almaty» шосселік веложарысы өтеді. Бұл Қазақстандағы әуесқой велоспорт күнтізбесіндегі ең айтулы жарыстардың бірі.

Жарыстың өткізілуіне байланысты 18 қазанда сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінен (Керей – Жәнібек хандар көшесі, 401/2) «Медеу» биік таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлік қозғалысына қойылатын шектеулер жарысқа қатысушылардың жол бойымен өтуіне қарай кезең-кезеңімен енгізіліп, алынып отырады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
More from @tvalmaty
  1. Oct 16, 2026В школах Алматы проводят практические занятия по безопасности детей В Алматы проводятся уч…
  2. Oct 16, 2026Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммиті…
  3. Oct 16, 2026Свыше 7,3 млрд взыскали по делу о табачной контрабанде в Казахстане Кассационный суд по уг…
  4. Oct 16, 2026В Минэкологии разъяснили нюансы запуска программы утилизации старых машин Принятие новых п…
  5. Oct 16, 2026В Алматы в рамках акции «Дала дәмі» пройдут ярмарки выходного дня В эти выходные ярмарки в…
  6. Oct 16, 2026Қазақстан ұлттық парктерге бензинмен жүретін көліктердің кіруіне тыйым салуы мүмкін Қазақс…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →