Павлодар облысында белгіленбеген жерден өткен 8,7 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды
Павлодар облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 8 780 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция өкілдері әсіресе гаджеттерге үңіліп, ереже бұзатын жасөспірімдер мен eгде жастағы тұрғындарды жолда аса мұқият болуға шақырады. Сонымен қатар жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге жол бермеген 2 743 жүргізуші де жазаланды.
Post #43472
53