Енді баласы 1,5 жасқа толмай жұмысқа оралған аналарға бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тоқтамайды. Бұл өзгеріс әйелдердің жұмысқа оралуына кедергі келтіретін шектеуді жоюға бағытталған. Сонымен қатар бала тууына байланысты жәрдемақыларды тағайындау кезінде отбасының әл-ауқат санаты ескеріледі.
Егер әйел баласы 1,5 жасқа толғанша жұмысқа шықса, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тоқтатылмайды. Ол белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлене береді.
– Әйел жұмысқа оралу мен әлеуметтік төлемді сақтап қалудың бірін таңдамағаны жөн. Жүктілікке және босануға байланысты төлем отбасының санатына қарамастан бұрынғы тәртіппен сақталады, – деді А. Ертаев.