Алматыда салмақ өлшеу кешендерін орнатуға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматыда ірі габаритті жүк көліктерінің қозғалысын тиісті деңгейде бақылауды қамтамасыз ету мақсатында салмақтық және габариттік бақылау жүйелерін орнату жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 19 қазан мен 19 қараша аралығында Құлжа тасжолының қала шекарасынан Бұқтырма көшесіне қарай созылатын 200 метрлік учаскесінде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Сонымен қатар осы кезеңде Іле тасжолының қала шекарасынан Сүйінбай даңғылына қарай бағытталған 200 метрлік бөлігінде де реверсивті қозғалыс енгізіледі.
Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін ұстануды және жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Post #43506
31