Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 17 қазан сағат 07:00-ден 19 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс жағында, сондай-ақ Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Шектеу асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.
Post #43505
54
