Таразда әйелден 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді
Тараз қаласында психотроптық заттарды таратумен айналысқан 26 жастағы әйел ұсталды. Оның сөмкесі мен жалдамалы пәтерін тінту барысында сатуға дайындалған 246 орама альфа-PVP психотроптық заты, электронды таразылар мен оқшаулағыш таспалар табылды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 304,55 грамды құрап, аса ірі мөлшерге жататыны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Post #43464
47